• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:52:38
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Ли Кэцян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері болып тағайындалды

Бүгін 13-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тарихи 1-сессиясында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің және басқа...

Бүгін 13-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тарихи 1-сессиясында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің және басқа да конституциялық органдардың кандидаттары бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. 

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері лауазымына Ли Кецян, Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасарлары ретінде Сюй Цилян және Чжан Юся бекітілді. Жаңа конституциялық құрылым - Мемлекеттік қадағалау комиссиясының төрағасы лауазымына Ян Сяоду сайланды, Жоғарғы халық сотының төрағасы лауазымына - Чжоу Цян, Жоғарғы халық прокуратурасының бас прокуроры лауазымына - Чжан Цзюнь бекітілді.

Лауазымды тұлғалардың барлығы Конституцияға адал болуға ант берді. Бұл рәсім Қытайдың Негізгі заңына енгізілген түзетулерге сәйкес алғаш рет өткізіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір