• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:49:32
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2018

Дәулетхан Ақанов ресейлік жұлдыздарды таңғалдырды (видео)

Павлодардағы жетімдер үйінің тәрбиеленушісі Дәулетхан Ақанов НТВ арнасындағы «Ты супер!» вокал байқауының екінші кезеңіне өтті

Павлодардағы жетімдер үйінің тәрбиеленушісі Дәулетхан Ақанов НТВ арнасындағы «Ты супер!» вокал байқауының екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Дәулетхан ән айтқанды және футбол ойнағанды жақсы көреді. Ол кәсіби деңгейдегі әнші болғанды армандайды.  Дәулетхан Ақанов пен оның бауырларының әкесі бар, бірақ ол балаларына төрт жыл бойы келмеген. Неге екенін белгісіз. Оның сөзінше, баланың әкесі басында оған хат жазып, сыйлық жіберіп жүрген, кейін байланыстары үзіліп қалған. Дәулеттің арманы – аналарымен бірге тұру. Аналары қазір ана құқығын қайта алуға тырысып жатыр екен, Дәулет бәрі жақсы болып кетсе екен деп тілейді», – делінген телеарна сайтында. 

Павлодарлық жасөспірімнің өнерін Игорь Крутой, Сергей Лазарев, Юлиана Карауловалар бағалады, Виктор Дробыш қана жасыл тетікті баспады. 

Юлиана Карауловаға Дәулетханның сахнада өзін-өзі ұстауы қатты ұнаған. Алайда қобалжудың салдарынан қателіктердің орын алғанын да ескертті. Алайда келесі сайыста Дәулетханның керемет өнер көрсететініне сенім білдірді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір